Алматы облысында жылыту маусымына дайындық қызу. Кейбір аудан маңызды кезеңге толық дайын. Ал, бірқатарында әлі жұмыс баяу. Әлі де қажетті сұйық отын, көмірмен қамтамасыз етілмеген мекемелер бар. Сондықтан облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналды шаруашылық басқармасы өкілдері аймақтарға тексеріс жұмысын бастады. Алғашқы аймақ — Көксу ауданы.