Үй құстарына екпе салынып жатыр

0
166

Үй құстарына екпе салынып жатыр. Бұл шара Алматы облысы бойынша жүргізілуде. Маусымдық екпе салу жұмыстары Талдықорған маңындағы Мойнақ ауылында да жүргізілді. Үй шаруасындағы құстарға «Құс тұмауына қарсы» вакцина егілді. Ауыл тұрғындарының айтуынша мұндай сақтық шаралары қанаттылар мен адам өмірінің қауіпсіздігі үшін маңызды. Жыл сайын барлық құс атаулыға салдырамыз, — дейді. Жалпы бұл вакцина барлығына бірдей салына бермейді. Ірі құс фабрикаларынан 20 шақырым радиустағы үй шаруаларына тегін бөлінеді екен.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here