Сапалы жол — өңір әлеуетінің көрсеткіші. Осы мақсатта Алматы облысында 283 жоба іске асыру жоспарланған. Бюджеттен 47,4 млрд теңге бөлінді. Бұл өңірдегі тозған, құрылысы баяу жүріп жатқан автотрассалардың жаңғыруына бағытталды. Сала жаңалықтарын БАҚ өкілдеріне облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов жеткізді.