1 қазан — Халықаралық Қарттар күні. «Қарты бар ел — қазыналы ел» деген… Қазақ қашан да қарттарын құрметтеген. Бала — шаға, немере- шөберенің ортасында бақытты, алаңсыз тірлік кешуде. Әйтсе де, бес саусақ бірдей емес. Тағдыр тезімен, қартайып, қауқарлары қашқанда жалғыз қалғандар да бар. Олардың отбастары болмаса да, Отандары бар. Әрбірі мемлекет қамқорлығында.