«Екінші шанс». Бұрын сотты болған жеке тұлғалар үшін бизнес идеялар байқауы жарияланды. Жеңімпаздар арнайы грант иеленіп, өздерінің бизнес жоспарларын жүзеге асыра алады.Аталған байқау 2018 жылы бастау алған. Игі іске Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы мен жұмыспен қамту орталығы ұйытқы болды.