Алматы облысында 9 мектеп күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Оның алтауында кестеден кешігу бар. Құрылыс қарқыны тым баяу атқарылып жатқан білім ошағының бірі Ақсу ауданында. Облыс әкімі Амандық Баталовтың тапсырмасына сәйкес, шаруаның бет алысын апта басында облыс әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашов көріп қайтты. Мердігерлермен кездесіп тапсырмалар берді.