Бақанас ауылында спорт кешені қолданысқа берілді. Бұл Алматы облысындағы 13-ші нысан. Ашылуына облыс әкімі арнайы барып, балқаштықтар қуанышымен бөлісті. Жұмыс сапарында күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан орталық аурухананы аралап, ақ күрішті аймақтың ахуалымен танысты.