Туған жерге туың тік. Балқаштық кәсіпкер Төлебай Төлепов өзі оқыған мектептің химия кабинетін жабдықтап берді

0
191

Туған жерге туың тік. Балқаштық кәсіпкер Төлебай Төлепов өзі оқыған мектептің химия кабинетін жабдықтап берді. Сынып заман талабына сай. Сабаққа керекті барлық лабораториялық құрал-жабдықтармен қамтылған. Яғни, панельді тақта, компьютер, принтер, үстел-орындықтары жаңаланды. 10 адамға арналған бөлек зертханасы да бар. Мұнымен қоса, жомарт жандар оқушылардың химия пәніне сай киімдерін де сатып беріпті. Бүгінде мұнда оқушылар алаңсыз білім алуда. Айта кетерлігі, бүгінде білім ошағында 564 бала білім алып жатыр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here