Жас келсе іске. Өңірде жастар орталықтарының саны артып келеді. Енді Кеген, Қарасай аудандарында жастарға арналған әмбебап мекеме бой көтереді. Олар осылайша тың идеялары мен жарқын бастамаларын іркіліссіз іске асырмақ. Бұл туралы бүгін облыстық жастар форумында айтылды.