Жемқорлық түбі — жаза. Алматы облысында 155 адам жауапкершілікке тартылды

0
112

Жемқорлық түбі — жаза. Алматы облысында 155 адам жауапкершілікке тартылды. Оның 70-і сотталған. Бұл туралы «Жетісу» медиа алаңына келген облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері мәлімдеді. Айтуларынша, қазір белгілі бір мемлекеттік қызметті алу үшін, жұмысқа орналасу бойынша және т.б. жағдайларға қатысты бармақ басты көз қысты әрекеттер тыйылмай тұр. Пара алу мен беру дерегі көп. Дені — білім мен жер саласында тіркелуде. Жалпы, 9 айда өңірде 90-ға жуық қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді. Оның 60-тан астамы жемқорлыққа қатысы бары дәлелденген. Қазір осындай деректермен күресу мақсатында, алдын алу шарасы күшейтілген. Облыстың әр аудан, қаласында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Олар мемлекеттік қызметкерлермен кездесіп, жемқорлық түбі — қорлық екенін түсіндіруде. Нәтижесінде өңір республика бойынша көш басында тұр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here