Қазақстан халқының 69 пайызы вакцина салғызды. Ал препараттың бірінші компонентін халықтың 80 проценті алып үлгерді. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Үкімет сағатында хабарлады. Алексей Цойдың айтуынша, екпенің арқасында науқастар саны күрт азайды. Ауруханаға жатқызылатындар да көп емес.