Ел үшін егілемін. Еліміздегі коронавирус пандемиясымен күрес жөніндегі азаматтық штаб мүшелері Алматы облысына келді. Жұмыс тобы Жетісу жерінде індетті ауыздықтауда атқарылып жатқан шаралармен танысып ақпарат алды. Қалалық көпсалалы ауруханасында медицина мамандарымен кездесіп, жылжымалы екпелеу пункттерін аралап көрді.