Елімізде дизель отынының жетіспеушілігі күннен күнге қысып барады. Павлодар мұнай өңдеу заводының жөндеу жұмысына жабылуы, көлік жүргізушілерді тентіретіп жіберді. Республиканың кейбір аймағында олар жарты айдан бері мәшинесіне дизель таппай жүр. Кей жерде 1 литр дизельдің құны 300 теңгеден асып тұр.