Бұрынғы сотталушылар енді өз бизнесін ашуға мүмкіндік алды. Алматы облысында жазасын өтеп келгендер кәсіпкер атанды. Олардың арманын «екінші мүмкіндік» жобасы жүзеге асыруға көмектесті. Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мен жұмыспен қамту орталығы, сондай-ақ өңірлік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының өкілдері осындай бастаманы қолға алды.