21-ші мамырда Қазақстан жағажай футболының жаңа маусымы басталады. Ел біріншілігінде Павлодар, Атырау, Алматы, Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан 6 команда өнер көрсетеді. Оның 5-еуі өз өңірлернің құрамасынан жасақталған. Ал, «Малайсары» ұжымының жөні өзгелерден бөлек. Өйткені, бұл команда Кербұлақ ауданындағы шағын ғана Малайсары ауылының тумаларынан құралған.