Футболдан биылғы Қазақстан пимьер-лигасы 2 турдан кейін өз мәресіне жетеді. Бұл біріншілік Алматы облысының Жетісу клубы үшін сәтсіз деп айтқаннан гөрі тәжірибе жинау жарысы деуге толық негіз бар. Өйткені, Жетісу клубының 70 пайызы жергілікті ойыншылардан жасақталған. Клуб жетекшілері осылайша өңір жастарының шеберлігін шыңдауына мүмкіндік берді. Айта кетейік, Жетісулық ұжым Қазақстан примьер-лигасындағы дені жергілікті футболшылардан құралған жалғыз команда.