Сүт безі обырымен күресудің негізгі жолы — аурудың алдын алу

0
230

Сүт безі обырымен күресудің негізгі жолы — аурудың алдын алу. Ерте анықталған жағдайда, қатерлі ісік қабынбайды. Бүгінде осы симптоммен Алматы облысында 272 науқас есепте тұр. Бұл туралы «Жетісу медиа» алаңына келген облыстық көпсалалы клиниканың өкілдері айтты. Онколог-маммолог дәрігерлер ақпарынша, қазір бұл дерт жасарып барады. Ақ халаттылар жастар мен 35-40 жас арасында қатерлі аурулар жиі тіркелуде деп дабыл қағуда. Осы жағдайға байланысты, медициналық тексеруге шақырту ұйымдастырылуда. Тұрғындар скрингке кезең-кезеңімен шақыртылып, түсіп жатыр. Арнайы ашық есік күндері де өткізіледі. Сондай-ақ, қазір 5 адамнан құралған дәрігерлер тобы облыстағы аудан, қаланы аралап, халықты арнайы құрылғыларымен тексеруден өткізуді қолға алған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here