Алматы облысының балуаны Нұржан Нұрбеков әлем чемпионатында күміс медаль иеленді. Жерлесіміз дүниежүзілік жарыста жетісулық атлеттер арасында ел қоржынына жүлде салған жалғыз спортшы болып отыр. Айта кетейік, әлем біріншілігі грек-рим күресінен Грекияда ардагерлер арасында ұйымдастырылды.