Балалардың қабілетін ерте анықтауға бағытталған жоба. Өңірімізде «Qabilet» қызметі іске қосылғалы 2900-ға жуық оқушы тіркелді. Яғни, 10-11 жастағы өрендер өз дарынын анықтау үшін тест тапсырды. Тиімділігі — қызметі ақысыз, әрі барлық балаға қолжетімді. Тіпті — әр оқушының дарындылығын анықтайтын жоба.