Хирург- дәрігер Талғар қаласының әкімі лауазымына тағайындалды. Қайрат Исабаев «Nur Otan» партиясының мүшесі. Сайлауға үміткер ретінде өзін-өзі ұсынған. Сайлауға дейін ол Талғар ауданы Қызыл Қайрат ауылының дәрігерлік амбулатория меңгерушісі болды. Сонымен қатар Талғар орталық ауруханасының емдеу ісі жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарған. Үміткер сайлаушылардың 53,5 % дауысына ие болды. Жалпы, үрдіс сайлау туралы заң талаптарына сәйкес өтті.