Есік қаласында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

0
189

Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында ұйымдастырылды. Онда көлемі 35 тоннадан асатын, жалпы құны 50 миллион теңгенің түрлі азық-түлік өнімі шығарылды. Өлкедегі 25 ауылдық округтің шаруалары тыңғылықты дайындалған. 3,5 тонна ет пен 1,5 тонна сүт өнімін, сондай-ақ 30 тонна бау-бақша және балық өнімдерін қала тұрғындарына ұсынды. Аграрлы аймақтың 23 түрлі табиғи ауылшаруашылық өнімі нарықтан 20-25 пайызға дейін арзан сатылды. Жәрмеңке барысын аудан әкімі қадағалады. Сатушының есебі түгел, алушының да қоржыны тоқ қайтты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here