Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Алматы облысына іс-сапармен келді. Ақтоты Райымқұлова Талдықорғанда ауыр атлетикадан басталған жеке-командалық ел біріншілігінің ашылу рәсіміне қатысты. Зілтеміршілер бәсекесінде Республикамыздың барлық өңірінен 200-ге жуық спортшы өнер көрсетіп жатыр.