Үлкен жиналыс. Үлкен міндеттер. Бүгін әкімдікте облыс әкімі Амандық Баталовтың төрағалағымен кеңес өтті. Аудан- қала әкімдері, басқарма- департаменттер мен мердігер компаниялар басшылары қатысты. Басқосуда облыс бюджетіне бөлінген қаржылардың мақсатты игерілуі қаралды. Әсіресе, құрылыс саласындағы кемшіліктер талқыланды. Сонымен қатар, инвестиция тарту, жылыту маусымына дайындық, вакцинациялау т.б маңызды міндеттер барысы сараланды. Аймақ басшысы нақты нұсқау-тапсырмалар берді.