Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай экспедиция ұйымдастырылды. Шара Алматы облысының әкімдігі мен мәдениет және архивтер басқармасының ұйытқы болуымен өтті. Барысында жыр алыбының ұрпақтары мен зиялы қауым өкілдері Жамбыл ізімен көршілес Қырғыз еліне барып қайтты.