Әдеби байқау 1 ай бұрын жарияланған. Шарт бойынша еркін тақырып, әңгіме еш жерде жарық көрмеген болуы тиіс. Республикалық шарада авторлардың жасына да шектеу жоқ. 18 жастан асса болғаны. Межелі мерзімде 100 көркем шығарма түскен. Әрбірі нөмірленіп, авторы көрсетілмей Қаламгер порталына жарияланып отырды. Желіде де оқырман өз бағасын берді. Серік Әбікенұлы, Дәурен Қуат, Есболат Айдабосын сынды қаламгерлерден құралған қазылар алқасы сүзгіден өткізді.