Желтоқсанның 1-і ҚР тұңғыш Президент күні. Жалпы бұл күннің мереке болып бекітілу тарихы 1991 жылдан бастау алады. Одақ ыдырап, Кеңестің сапында болған елдер Тәуелсіздігін жариялап жатқан тұста қазақ халқы да өз егемендігін алып, алғаш Президентін сайлады. Жалпыхалықтық сайлауда елдегі 8 млн 681 мың 276 адам Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдап дауыс берді. Қазіргі Республика сарайында ең алғаш Қазақстан Президентін ұлықтау рәсімі өтті.