Алматы облысында көмір тапшылығы мәселесі қалай шешіліп жатыр?

0
202

Көмір мәселесіне қатысты облыс әкімі берген тапсырма орындалуда. Өңір басшысының бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашов аудан, қала әкімдері және басқарма басшыларымен бүгін (сенбі) күні жиын өткізді. Көмір тапшылығы туындаған аудан-қалаларда жағдай реттеліп келеді. Мәселен, Қаратал ауданына күніне 7, аптасына 40 вагон көмір кеп жатыр. Баға да тұрақтанған. Салық және монополияға қарсы қызмет мамандары қатты отын бағасын 13-14 мың теңге шамасында белгіледі. Егер құны шарықтаса, тұрғындар шағым түсіре алады. Талдықорғанда да тасымал мәселесі реттелген. Бұрын күніне 6 вагон келсе, қазір олардың саны — 15-16-ға жетті. Ал, Текелідегі жағдай әлі де қиын. Қалада 10 күндік қана қор қалған. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, моно қала басшысы осы айдың соңына дейін қалаға Семей, Шұбаркөл көмірінің 20 мың тоннасын жеткізуге келіскен. Жиында Ләззат Махатұлы тасымалдаушы мен делдалдар кесірінен көмір құнын көтеруге жол берілмейтінін айтты. Қазір облыста көмірді үйге дейін жеткізу құны 5 мың теңге мен 15 мыңтеңге аралығында.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here