Қарасай — қуатты өлке. Өңір экономикасына тірек. Бірнеше ірі кәсіпорны бар. Ірі автомобиль жолдарының тоғысқан тұсы. Мегаполиспен іргелес аймақ қай жағынан да дамуы тиіс. Осы мақсатта облыс әкімі оңтүстік өңірдегі жұмыс сапарын Қарасай ауданында жалғастырды. Ауданның әлеуметтік-экономикалық беталысын бақылап, ірі жобалар барысымен танысты.