Ақылы жолдардың тарифі бекітілді. Бұл қатарда Нұр-Сұлтан – Павлодар, Қапшағай – Талдықорған, Тараз – Қайнар, Шымкент – Тараз, Шымкент – Қызылорда, Шымкент – Ташкент және Щучье – Көкшетау бағындағы транзиттік трассалар бар. Енді күре жолдарда қатынау құны ең арзаны 100 теңге болса, ең жоғары төлем 7350 теңге. Ал, алдын ала төлем жасасаңыз жол ақысында жеңілдік бар.