Жаңа жыл күні тынымсыз жұмыс істейтін мамандар бар. Бірі — перзентханаларда ана мен балаға қарайтын ақ халатты абзал жандар. Акушерлер күшімен күніне қаншама сәби дүние келеді. Мәселен, Талдықорғандағы Алматы облыстық перениталды орталықтың босану бөлімінің акушері — Толғанай Әміренова жаңа жылды үйде емес, жұмыста қарсы алып жатыр. Өйткені оның басқа сала қызметкерлері сияқты күнтізбедегі мейрам күндері демалуға мүмкіндік жоқ.