Енді жалдамалы пәтерақының тең жарымын мемлекет төлеп береді. Елімізде жаңа жылдан бастап жаңа механизм іске қосылды. {ВИДЕО: }Ол бойынша баспанаға нақ мұқтаж, төлем қабілеті төмен қазақстандықтарға 50 пайыз жеңілдік жасалып отыр. Пәтерақының тең жарымын мемлекет төлеп беретін жеңілдік ең алдымен баспанаға нақ мұқтаждарға беріледі. Түзілген тізімге 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар, «Алтын – «Күміс алқалы көп балалы аналар кіреді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жаңа төлем беру тетігін әзірлеп қойды. Жалпы, бүгінгі таңда баспана кезегінде тұрған 70 мың қазақстандық бар. Оның 14970-і Талдықорғанда.