Балаңыз интернеттен не қарайды? Ресейлік «Касперский зертханасы» осы сұрақтың жауабын іздеп, 2021 жылға сараптама жасады. Нәтижесінде ғаламтордың кішкентай қолданушылары көп уақытын Ютуб, Ватсап және тик-ток желісінде өткізетін болып шықты. Осы тұста кәмелетке толмаған ұл-қыздарды қажетсіз және жасына сай емес ақпараттардан қорғау — ата-аналардың басты алаңына айналып отыр.