Алматы облысы прокуратурасының өкілдері қаңтар оқиғасына байланысты қамауға алынған адамдардың туыстарымен кездесті. Сөз барысында облыс бойынша 134 азамат қамауда жатқаны айтылды. Мамандар кездесуге келген ата-аналарды әрқайсысын мұқият тыңдап, шағымы барлардың арызын алды. Әр іс жіті тексеріліп жатқанын, бәрі заң аясында болатынын жеткізді. Тергеу амалдары арнайы комиссия бақылауында.