Алматы облысында қазір жылына аз дегенде 50 мыңға дейін нәресте дүниеге келеді. Сондықтан 2025 жылға дейін 115 мектеп салу қажет. Сол арқылы оқушыларды сапалы біліммен қамтып, үш ауысымды мектептер санын азайту көзделген. Бұл туралы облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы мәлімдеді. Жоспардағы 115 мектептің 85 нің құрылысы мемлекет қаржысы есебінен салынса, қалғанына бизнес өкілдерін тартпақ.