Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанттары Талдықорғандық жоғары сынып оқушылармен кездесті. Болашақ түлектерге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, аталмыш оқу орынында білім алуға кеңес берді. Саладағылардың мәліметінше академия жоғары кәсіби білімі бар төрт түрлі мамандық бойынша даярлайды. Ол; «Өрт қауіпсіздігі», «Төтенше жағдайларда қорғау», «Азаматтық қорғаныстың командалық тактикалық күштері», «Өрт сөндіру және апаттан қорғау ісі». Оқуға орта немесе орта кәсіптік білімі бар, саптық қызметке жарамды деп танылған, арнайы емтихандар негізінде қабылданады.