Шағын футболдан ардагерлер арасында облыстық жарыс өтті. Оған 19 команда қатысып, жас ерекшелігі бойынша 2 топта өнер көрсетті. Енді жеңімпаз командалар ардагерлер арасында өтетін Қазақстан чемпионатына қатысады. Республикалық біріншілік Тараз қаласында ақпанның 26 күні өтеді.