Талдықорғандағы «Еңбек» спорт кешенінде садақ атушылары арасында Алматы облысының чемпионаты өтті. Жарысқа Жетісу өңірінің барлық аудан-қалаларынан 150-ден аса спортшы қатысты. Жабық кешенде мергендер классикалық және кампаунд садақтарымен нысана көздеп мықтыларын анықтады. Үздік шыққандар облыс құрамасы қатарына алынып, Ел біріншілігіне жолдама алды.