Барлығы 12 мыңнан астам сотталғанға рақымшылық жасалады. Қазіргі уақытта еліміздің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 34 мыңнан астам жазасын өтеуші отыр. «ҚР Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңға қол қойылған күннен бастап бас бостандығынан айыру орындарындағы 945 адам жазадан босатылды. Тағы 1 102 сотталғанға жазаның өтелмеген мерзімдерін қысқартты. Соттың шешімі жариялағаннан кейін сотталғандар дереу босатылуға жатады. Бұл акті қоғамнан оқшаулаусыз қылмыстық жазаға тартылған адамдарға да қолданылады. Жазадан босатылған пробация қызметінің есебінде тұрғандардың саны бүгінде 1 741 азамат.
ADVERTISEMENT