Алматы облысының әкімі бүгін Қаратал ауданындағы кремний өндіру зауытының жұмысымен танысып, инвсторлармен жолықты. Біраз уақыттан бері жұмысы тұралап қалған зауыттың тынысы екі жақты келісімнен кейін қайтадан ашылмақ. Қанат Бозумбаев негізгі мақсат жергілікті халықты жұмыспен қамту, жастарды мамандыққа баулу деп отыр.