Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды. Бүгін 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына – 33 жыл. Жат жерде, жат мүдде үшін оққа ұшқандар көп. Интернационалистік борышын өтеген өр кеуде жауынгерлер бұл күні жылма-жыл орталық саябаққа жиналады. Қандыкөйлек замандастарын еске алады.