Алматы облысында А+ класты автоматтандырылған логистикалық хаб салынады. Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев пен «AIRBA FF» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, «Технодом» компаниясының негізін қалаушы Эдуарт Ким өзара меморандумға қол қойды. Жаңа жоба аясында аймақ экономикасына 200 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйылмақ.