Жанарбек Әшімжан ата-аналар өтінішімен Талдықорғандағы ЛА — 155/16 уақытша тергеу изоляторына барды. Қаңтар оқиғасында айып тағылып, іс қозғалған азаматтармен кездесті. Камераларды аралап, күдіктілердің бүгінгі жай-күйімен танысты. Мәжілісмен қамауда отырғандармен жеке-жеке тілдесті. Онда күдіктілер тарапынан депутатқа мекемедегі ұстау жағдайына, оның ішінде азаптауға қатысты шағым-арыздар түспеді. Тергеу изоляторының басшысы Арнай Қанатұлы халық қалаулысына прокуратура өкілдері мен арнайы комиссия тобы мекемеге жиі келетінін айтып өтті.