Алматы облысына іс-сапармен ҚР Премьер-министірінің орынбасары, сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов келді. Облыс активімен кездесіп, кеңес өткізді. Онда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мен тәртіпсіздік кезеңінде бизнес субъектілеріне келтірілген шығынды өтеу мәселелері талқыланды.