Мемлекет басшысы «Қазақстан» ұлттық арнасына мемлекеттік тілде эксклюзивті сұқбат берді. Алғашқысын апта бұрын «Хабар» телеарнасында орыс тілінде берген болатын. Себебін Президент ел ішіндегі, шетелдегі БАҚ көздері үшін түсінікті болуы қажеттілігінен туған шешім деп түсіндірді. «Орыс тілі БҰҰ ның 6 ресми тілінің бірі. Ал, мемлекет мәселесін мемлекеттік тілде айтуымыз керек»,- деді Президент.