Кадрлік тағайындау. Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, жергілікті мәслихат депутаттарының мақұлдауымен Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды. Алматы облысы әкімінің өкімімен бұл лауазымды енді Қуат Елеусізұлы Сұлтанғазиев атқарады.