Айына 12 мың теңгеге қалай күн көруге болады? Бұның жауабын «Қазпошта» қызметкерлері ғана біледі. Президент көп сынаған, Қазақстан байлығының 60 пайызын уысында ұстап отырған атақты «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының құрамына кіретін компания ауылды жерлердегі пошташыларға дәл осынша ақы төлейді. Қаңтарда бекітілген 60 мың теңге төменгі айлықтың 25 пайызына жан бағатын қызметкерлер күніне жүздеген үйді аралап, аяқтан тозып жүр.