Ерлік ескерусіз қалмайды. Бүгін Талдықорғанда қаңтар оқиғасына қатысып, қызмет бабында қаза тапқан 4 сарбаздың отбасына баспана кілті берілді. Мұндай көмекті оларға «Хан Тенгри Девелопмент ЛТД» ЖШС-і көрсетіп отыр. Жиында компания басшысы Виктор Ли жиналғандар қайғысына ортақтасып көңіл айтты. Қиын да, күрделі кезеңде ел тыныштығын қорғаған батырлар ерлігі ескерусіз қалмайтынын атап кетті.