Енді ел Президенті ешқандай партияға төрағалық етпейді. Қасым-Жомарт Кемелұлы «AMANAT» партиясындағы өкілеттілігін тоқтатуды заң жүзінде рәсімдеуді ұсынды. Бұл туралы бүгінгі Жолдауында айтты. Бұл норма саяси бәсекені арттырып, барлық партияның дамуына бірдей жағдай жасайды – деді, Мемлекет басшысы.