Алматы қаласы әуежайында Моңғолияның «Хунну эйр» әуе компаниясының Алматы-Ұлан-Батыр бағытындағы жаңа халықаралық рейсінің ашылуына арналған салтанатты шара өтті. Іс-шараға екі ел арасындағы төтенше және өкілетті елшілері мен жауапты басқарма басшылары қатысты. Енді Ұлан-Батыр-Алматы-Ұлан-Батыр бағытындағы рейстер аптасына бір рет, сәрсенбі күндері 98 орындық ұшақ ұшады. Жалпы, рейстердің ашылуы екі ел азаматтарына Қазақстан мен Моңғолия арасында кедергісіз саяхаттауға, сондай-ақ сауда-экономикалық, туризм мен іскерлік әріптестікті дамытуға ықпал етпек.