Қазақстанның 10 қаласында ауаның ластану деңгейі өте жоғары. Бұл Теміртау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған және Шымкент қалалары. Экологиялық проблемалар туралы ҚР экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов хабарлады.